Әбуова Сағыныш Өмірсерікқызы
«Тәртіп – табыс кепілі» Қызылорда облысының білім басқармасы Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі №31 «Алтын кілт» бөбекжай балабақшасында осы қағида берік негізге алынған.
Бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Әбуова Сағыныш Өмірсерікқызы 1970 жылы 09 желтоқсанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Киров совхозында дүниеге келген. Отбасын да екі қыз, бір ұл, екі немере бағып отырған әже. 1988-1993 жылдары Қызылорда қаласы Қорқыт ата атындағы педагогикалық университетінде оқып, «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығы бойынша білім алған. Алғашқы еңбек жолын 1993-2013 жылдар аралығында Қызылорда қаласында орналасқан №14 «Самал» балабақшасында тәрбиеші қызметінен бастаған. 2013-2014 жылдары «Назым» балабақшасында әдіскер-тәрбиеші болып қызмет атқарған, 2014-2016 жылдары «Жанетта» балабақшасында әдіскер-тәрбиеші қызметін жалғастырған. Ал 2016-2019 жылдар арасында №14 «Самал» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында Меңгеруші болып жұмыс жасады. 2019-2025 жылдары «Ер төстік» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында Меңгеруші қызметін атқарды. 2025 жылдан бастап, қазіргі таңға дейін Қызылорда облысының білім басқармасы Қызылорда қаласы бойынша қалалық білім бөлімінің №31«Алтын кілт» бөбекжай-бақшасы КМҚК-да Меңгерушісі болып қызмет атқарады. Көпшілікпен тіл табысып жұмыс жасау әсіресе басшылық қызмет атқару оңай емес. Бұл үшін өмірлік тәжірибе, терең білім, тағылымды тәрбие керектігі ешқандай талас тудырмайды. Соның айғағы ретінде білімді де білікті басшы.