«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»- деген халық нақылы бүгінгі сөз еткелі отырған кейіпкеріміз, қадірлі ұстазымыз Оспанова Жадыра Муталиевнаға арналады. Еңбек жолында мыңдаған ұрпақты тәрбиелеп, мектепке жіберді, сонымен қатар қарамағындағы қызметкерлерді жарып бөлмей басқара білген тұлға. Балабақша өмірінің айнымас бір бөлігіне айналды. Жадыра Муталиевнаның өмірлік ұстанымы: адамдардың алдында да, өзіңнің алдыңда да адал болу, өз міндетің кіршіксіз орындау, шығармашылық қабілеттеріңді дамыту, жаңаша ойлау, тәрбиеленушілерге және олардың ата-анасына сүйіспеншілік пен жылулық таныту, өз әріптестеріңнің жұмысын бағалау және оларға құрметпен қарау. Оспанова Жадыра Муталиевна 1946 жылы 09 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1963 жылы «Ыбырай Алтынсарин» атындағы орта мектебін бітіріп, Қызылорда қаласының Медициналық колледжіне тусті. Өз еңбек жолын 1965 жылы Емханада балалар бөлімінің медбикесі қызметінен бастады. 1972 жылдың ақпан айынан бастап Трест «Риссовхозстрой» ведомстволық «Золотой ключик» балабақшасында аға медбике ретінде еңбек жолын жалғастырды. Н.В. Гоголь атындағы Кызылорда педагогикалық институтында оқыды.
1991 жылы Оспанова Жадыра Муталиевна №31 «Алтын кілт» балабақшасының меңгеруші қызметтіне тағайындалды. Ардагер ұстаз мыңдаған түлектерді тәрбиелеп, осы салада 35 жыл қызмет жасады. Облыстық, қалалық деңгейде алған бірнеше Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттары да оның тынымсыз еңбегінің дәлелі. Педагогикалық ұжымды басқару ісі ерекше еңбекті қажет етеді. Байсалдылық пен өзіңе деген сенімділік басшыны тартымды етеді, айналасындағы адамдардың қалыпты еңбек етуіне жағдай жасайды. Қандай жағдай болмасын, істің жалғыз дұрыс шешімін таба білу. Аталғанның барлығы Оспанова Жадра Муталиевнаға тән қасиеттер. Казіргі уақытта Жадыра апай білім беру саласында құрметті ардагер, отбасында аяулы ана, мейірімді әже.