2022 жылы 12 қыркүйек айында ҚОББ ҚҚББ №31 «Алтын кілт» бөбекжай–бақшасы КМҚК-ның базасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеті тақырыбында «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтымен бірлесе отырып педагогикалық іс-тәжірибе алмасу семинары болып өтті. семинарға 53 педагог қатысты.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының аға оқытушысы Таласбаева Гаухар Барақбайқызы семинардың жоғары деңгейде өтуіне әріптестеріне сәттілік тіледі.
ҚОББ ҚҚББ №31 «Алтын кілт» бөбекжай –бақшасы КМҚК меңгерушісі Турбаева Сарқыт Ақмырзақызы сөз алып, семинар жұмысымен таныстырды. Әдіскер Турганбаева Айгүл семинар бағдарламасымен таныстырып, әріптестерімізге сәттілік тіледі. Келген қонақтар ұйымдастырылған іс- әрекет пен ойындар топтамасын көру үшін белгі бойынша 4 топқа бөлінді.
«Қызықты ойындар әлеміне саяхат тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетті «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Дүзенова Гүлдана өткізді. Саяхатқа карта арқылы шығып, картадағы белгілердің тапсырмаларын орындады.
«Су асты әлеміне саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетті «Солнышко» тобының тәрбиешісі Игисинова Рита өткізді. Ұйымдастырылған іс әрекетте жаңартылған оқыту бағдарламасының әлементтерін пайдаланды. Ұйымдастырылған әрекет барысында балалармен су асты әлеміне саяхатқа барды. Саяхат барысында түрлі тапсырмаларды орындады. Балалар еркін ойын ойнады. Тәрбиеші ұйымдастырылған әрекетін жоғары деңгейде көрсетті.
«Кел ойнайық балақай!» ойындар топтамасын тәрбиешілер, логопед маманы, психолог мамандары ұсынды.
Тәрбиеші Байсугулова Азиза «Эпой, тай, тай», «Повтори за мной», «Попади в кольца» деген ойындарды «Петушок» мектепалды тобы балаларымен ойнатты. Балалар қызығушылықпен ойнады. Олардың танымдық,шығармашылық, ұжыммен бірлесе ойнау қабілеттері дамыды.
Тәрбиеші Дабылова Мадина «Көңілді доп», «Кім жылдам» , «Дәл тигіз» деген ойындарды «Ақбота» тобы балаларымен ойнатты. Балалар шапшаң әрі жылдам қозғалып және ойлап ойын ойнады. Ойын балалаларға өте қызық болды.
Тәрбиеші Қалмаханова Шолпан «Әуенді шеңбер», «Пішіндер», «Көңілді паравоз», «Жылдам ұста» деген ойындарды «Балапан» мектепалды тобы балаларымен таза ауада, ойнатты. Ойын барысында командамен жұмыс жасауды балалар игерді.
Тәрбиеші Бержанова Жұлдызай «Көңілді сандар», «Түстер», «Қиын жолдар», «Санды тап» деген ойындарды «Ертөстік» тобы балаларымен таза ауада, ойнатты. Ойын барысында командамен жұмыс жасауды балалар игерді.
Логопед маманы Байжанова Гүлзат семинарға келген қонақтармен «Көңілді алаша», «Шулы маракастар», «Тауып айт» ойындарын ойнады. Әріптестеріміз балаша қызығып ойнады. Бір –біріне жақсы көңіл күй сыйлады
Психолог мамандары Сембиева Гүлмира мен Жұмабаева Еңлікгүл «Сөйлейтін әріптер», «Ну ормандағы жаңбыр» тренингтерін келген қонақтармен ойнатты. Ойын барысында әріптестеріміз жылдам қозғалу арқылы, шатаспай көңілді ойнады.
Тәжірибе алмасу семинары жоғары деңгейде өтті.
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Бағдарлама | ![]() |
{gallery}/-1/1{/gallery}
{gallery}/-1/1/1{/gallery}